Білімділік

lat: Bilimdilik

з а т е с і м. 1. Білімдарлық, білімге деген құштарлық. Біз түк білмейміз, біз де білемін деп надандығымызды б і л і м д і л і к к е бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетемізбай, Тол. жин.). Әділдік, жақсылық, яки әділетсіздік, жамандық, сондай-ақ б і л і м д і л і к, көргендік, не қараңғылық, надандық, оқу, өнер, ғылым тағы осы сияқты тақырыптар көбіне дидактикаға, уағызға ұласып кетеді (М.Базарбаев, Замана.). Күрескерлік, адалдық, б і л і м д і л і к болсын саған мәңгі серік! Сонда сен Отаныңның толыққанды мүшесісің (К.Қазыбаев, Дәуір.). 2. Терең білім иесі болушылық, жанақты білімдер жүйесін игерушілік. Алайда НКВД қызметкерлері оны тұтқындаған күні «Орта Азия және Қазақстан тарихы» кітабының мәшенкеге басылған нұсқасын ала кеткен. Рысқұловтың б і л і м д і л і г і н айтып жеткізу қиын («Зерде»). Әржақтылық, б і л і м д і л і к, жанақтылық, көп білушілік. Ал бізде мұғалімдеріміздің бәр-бәрінің бойынан осындай әржақтылық табыла бере ме? («Қазақст. мект.). Әуезов интеллигенттер бойындағы кемшіліктерді сынап, оқығандарды ауызбірлікке шақырады, адалдық, табандылық, б і л і м д і л і к сияқты қасиеттерді үлгі етеді (Р.Нұрғалиев, Трагедия.). 3. Қандай да бір істің, кәсіптің, мамандықтың шебер иесі болушылық, оны толықтай игерушілік. Бірдемені мүлт жібермеу үшін журналистің б і л і м д і л і г і н е қоса төбесінде құлағы, желкесінде көзі болуы шарт (Ә.Қарағүлов, Баспасөз). Жаңа және биік әлеуметтік мәртебе ендігі жерде әділ бәсеке, іскерлік пен б і л і м д і л і к, мәдениеттілік пен біліктілік арқылы жеңіп алынбақ. Басқаша болуы мүмкін емес, болуға да тиісті емес («Егемен Қазақстан»). Хакім уездік партия комитетінің хатшысы Дәулетовты б і л і м д і л і к жағынан да, іс тәжірибесі жөнінен де қатарынан озат шыққан ада деп бағалайтын (Х.Есенжанов, Көп жыл.). Бәйге аттың мүсінін сынауда Абай үлкен б і л і м д і л і к, байқағыштық танытады (М.Әуезов, Әр жыл.). 4. Көрегендік, білгірлік. Бұл жігіттің б і л і м д і л і г і н е, қабілеттілігіне ризамыз. Кейбір басшылар секілді өңменіңнен итермелемейді. Сөзді тыңдай біледі, қасабағымыздан не керегін бірден біле қояды деді Төкең («Жас Алаш»).