Білімсіз

lat: Bilimsiz

с ы н есім. 1. Сауаты жоқ, бір нәрсеге бейімдейтін дағды-білімі жоқ, оқымаған. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның б і л і м с і з бишарасы, Айтушы мен тыңдаушы көбі надан. Бұл жұрттың сөз танымас бір парасыбай, Тол. жин.). // Оқымаған, сауатсыз адам. Алдында «эмпириокритицизм», Көргемін нұр толқыған ойлы жүзін... Өзі оқып, өзгені де оқытады, Жігіттің ұнатпайды б і л і м с і з і н (Қ. Аманжолов, Шығ.). Оқытушыға да, үйренушіге де, үгіттеушіге де, жазушыға да, білімдіге де, б і л і м с і з г е де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз күнелте алмайтын заман туды (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). 2. Ақылсыз, надан, парасатсыз, рухани дүниесі пәс. Дандайсиды тек б і л і м с і з надандар, қарапайым жүреді асыл жандар (Шығыс жұлдыздары). // Парасатсыз, рухани дүниесі пәс адам. Ойсыз, көкейкөзі жоқ, надан. Өмірдің өрін тауысып, Б і л і м с і з б е н алысып, Шықтық міне белге ендібай, Тол. Жин.). Сөйлесе білімді адам балдай татыр, Сөз шықпас б і л і мс і з д е н таңдай татыр. Жақтаған жақсы адамды үлгі алады. Жаманнан түсер басқа заман ақыр (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. Ізденіссіз, бейқам, оқусыз. Білім - бақтың жібермейтін қазығы, Б і л і м с і з бақ - әлдекімнің азығы (М.Әлімбаев, 666 мақал). Дүниеге адам болып жаралған соң, Б і л і м с і з құр жүрісің бейне есек. Ақыл қанат, ғылым - дос, иман серік, Асыл жүрек бермейді, шайтанға ерік (Ә.Найманбаев, Шығ.). Жігітке жолдас болар өнер-білім, б і л і м с і з болсаң, босқа өтер күнің. Сиынып күштілерге, тентек болсаң, Таралып жұрт көзіне, кетер құның (Ақмолла ақын, Күндер.). Б і л і м с і з ынта жарығы жоқ отпен тең (Маржан сөз). 4. Д і н и. Діни сауатсыз, иманын біліммен кәмілдемеген. Уағызын мешіттен тысқа шығара алмай, басқа діндердің жымысқы әрекеттеріне демократияға қайш деп заңды тегеурін қоя алмай тұрған қоғамда дін басындағыларға айтарымыз: «Үмметім үшін б і л і м с і з, азғын имамдар тажалдан да қорқыныштырақ», - деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзі (Ахмад ибн Ханбал) («Жас Алаш»). Білімдіге б і л і м с і з бағынбай ма? Іздесе, пендеге жол табылмай ма? Ақты қойып, арамды әдет етсек, Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 5. Ғылым мен техника жетістігінсіз, арнайы мамандандырылған оқусыз. Біздің бөлім бұл бастаманы қуана қостап, қолма-қол атсалысты. Соның барысында бір-бірімізді жете білісіп, етене араласып кеттік. Бірі - өткен ғасырдың 30-шы жылдары авиация өлі дамымай тұрғанда Атлант мұхиты арқылы қонбай ұшқан америкалық ұшқыш Чарльз Линдберг те, екіншісі құнары жоқ айдалада ғылым, б і л і м с і з, қиялдан асып өнім алған Шығанақ Берсиев туралы пьеса жазу мақсат болған («Егемен Қазақстан»). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Жабайы, тағы. Жар салып, жасақ жияр білімді Алик, б і л і м с і з хұзарлардан алмаққа кек, Қаласын, егіндерін ызасы үшін, От пенен қойған арнап қылышқ деп (А.Байтұрсынов, Шығ.).