Білімсіздік

lat: Bilimsizdik

з а т е с і м. 1. Оқыған-тоқығаны жоқтық, білім алмағандық, қараңғылық, сауатсыздық. Заманыма сай білім жиған күнім, желісін б і л і м с і з д і к қиған күнім. Кілті ғой дүниенің марксизм, Құлақ пенен көкейге құйған күнім (Д.Еркінбеков, Шығ.). Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Б і л і м с і з д і к хайуандық боладыбай, Шығ. жин.). 2. Ақылсыздық, ойсыздық, надандық. Бәйбіше өз тұстасына қатаң Бәйбішелер мен ауыл иесі болған қатындардың олақтық, б і л і м с і з д і г і н сөз қылатын (М.Әуезов, Қараш.). Адам бір - боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы. Менімен сен тең бе деп мақтанасың, Б і л і м с і з д і к белгісі - ол баяғыбай, Шығ. жин.). Ескіліктің қалдығынан қол үзбеу кейбір ақындардың надандығы, б і л і м с і з д і г і (Е.Ысмайылов, Ақындар). 3. п е д а г о г и к а л ы қ. Дөрекі іс-әрекет, мінез көрсетушілік, көргенсіздік. Б і л і м с і з д і к еш нәрседен ғибрат алмаудан, өмірден үйренбеуден туындайдыаз. тілі термин. Педагогика.).