Бір

lat: Bir

е с і м. 1. Дүдәмал, белгісіз, бейтаныс. Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде артымыздан жұлындай болып б і р қара көрінді (Ғ.Мүсірепов, Шығ.). Әлден уақытта мәшине «Коммунизм» совхозының б і р фермасына кеп тұра қалды (С.Бегалин, Мектеп.). 2. Соңында бір, әйтеуір бір. Осыған қарағанда да дастанда кісі қызығарлық, назар тартарлық б і р қасиет барлығы сезіледі (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Ер емес қымсынар, Әркім-ақ Ұмсынар. Құдай-ау, бұл көңілім, Күн бар ма б і р тынарбай, Тол. жин.). Бір қайғыны б і р қайғының үмыттыратыны рас екен (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). 3. Бәрібір. Кеткен еселері б і р қайтқандай, даурығысып айтады (З.Шүкіров, Отты өткел.). 4. Ешқандай, ешбір. Шешеге де тартпаған б і р мінезі, Күл деп күн сөулелі жарқын жүзі. Көктен түскен гауһардай көзді Ұялтқан, Қол жетпес күн сұлудың нағыз өзі (С.Торайғыров, Шығ.). 5. с ө й л. э к с п р. Мүлдем, бірде-бір рет, ешқашан деген мағынаны білдіретін күшейткіш сөз. Сол жағында, белінде қайың шоқпар, Қорамсақта қазқатар сарамжа оқтар. Өмірі жаудан беті б і р қайтпаған Қодар батыр осы еді қыңыр сотқар (Ш.Әбенов, Шыңғыстау). Ескендір елде алмаған хан қоймады, Алған сайын көңілі б і р тоймады. Араны барған сайын қатты ашылып, Жердің жүзін алуға ой ойлады (Абай, Шығ.). 6. Белгілі бір. Осындай уақытта Жәңгірдің қасына Бабажанұлы Қарауылқожа деген б і р қайратты қожа тап келді. Осы қожа ебін тауып ханға жақын болды. Жәңгір Қарауылдың қызын алды. Ханның билігінің бәрі Қарауылға көшеді. Жәңгір Қарауылдың көзімен қарап, қолымен істеп, аузымен Бұйыратын болады (Х.досмүхамедұлы, Таңд.). Қатындар қуып сонда әр баланы, Қарғапсілеп, у-шу ғып айдаланы, Өйткені Әжібай келіп бүгін жармақ, Жүректе көптен бітеу б і р жараны (С.Торайғыров, Шығ.). Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз, Болмасаң да ұқсап бақ, Б і р ғалымды көрсеңіз (Абай, Тол. жин.). 7. Қайта-қайта. Әр жерге б і р сүрініп, кез келген бұтаға қақтығып, қарағай біткенді байқаусызда құшақтай алу тағы басталды (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.).