Бірлік

lat: Birlik

з а т е с і м. 1. п е д а г о г и к а л ы қ. Бір санының заттанған атауы, мектеп оқушысына қойылатын ең төмен баға. - Отыр деді мұғалім, көршімнің фамилиясының тұсына ұзын «б і р л і к т і» қойып жатып (К.Асанов, Сағыныш). 2. м а т е м а т и к а л ы қ. Онға дейінгі бір таңбалы, бір орындық сандардың жалпы атауы. Б і р л і к, ондық, жүздік, мыңды деп топ-топқа бөлініп айтылатын сандарды үйрету әуелгі әдістен гөрі оңайға түсуі мүмкін («Қазақст. мект.»). Сандардың ондық, б і р л і к орындарын ажыратып алып, бөлу амалдарын орындау керек («Халық. мұғ.»). 3. м а т е м а т и к а л ы қ. Натурал сандардың ішіндегі ең кішісі, n=1. Б і р л і к зерттелетін заттар мен элементтердің жиынында, көбінесе, қандай да болмасын белгілі бір анықталған операциялар кездеседі (ҚСЭ). Егер кез келген а элементі үшін а*е=а және е*а=а теңдіктері орындалмаса, бұл операцияға қатысты жиынның е элементі б і р л і к деп аталады (ҚСЭ). 4. ф и л о с о ф и я л ы қ. Кеңістік пен уақыт жағынан шексіз дүниенің біртқтастығы. Б і р л і к мәселесі сана мен шындықтың бірлігі ретінде жаңа заман философиясында айрықша қойылды (ҚСЭ). Аристотель б і р л і к ұғымын түсіндіруде антика материалистерінің ілімі мен Платонның идеалистік диалектикасын ұштастырмақ болып, бірлік ұғымының бірнеше мәні бар деп санады (ҚСЭ). 5. и н ф о р м а т и к а л ы қ. Басқа біртипті нысандарды өлшеу үшін қолданылатын нысан. 6. Т е р м. Іштей байланыстылық, табиғи біртұтастық. Материалистік биология организмді тіршілік ету ортасымен б і р л і к т е қарайды («Халық мұғ.»). Клетканың құрамына кіретін элементтер өлі денелердің құрамындағымен бірдей. Мұның өзі тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы мен б і р л і г і н көрсетедіалпы биология). Мазмұн мен түрдің б і р л і г і н қалай ұғыну керек (М.Қаратаев, Туған әдеб.). 7. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Ынтымақтастық, ауызбіршілік, бірауыздылық.- Бұндайда б і р л і к керек қой, шырағым... Дей беріп еді Әмір, Тұрлыбай оның сөзін бөліп жіберді (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). - Ал тағдыры бірдің қазаны да бір. Бір шабақ ұстатсақ та бөліп жеуіміз керек деп үнемі б і р л і к к е шақыратын (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Б і р л і к адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі (ҚҰЭ)