Біртуар

lat: Birtýar

с ы н есім. Сирек кездесетін, қайталанбас, айрықша жаратылған. Халқымыздың б і р т у а р перзенттері туралы арғы-бергі уақытта құлшына қалам тербемеген ақын аз (Ж.Әбдірашев, Парасат.). Өткен ғасырда халқымыздың б і р т у а р азаматтарының бірі Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» («Егемен Қазақстан»). Бүгінгі күні әлемдік өркениетті өрістетуге қатысты сындарлы ой толғап, келелі істердің ұйытқысы болып отырған б і р т у ар азаматтың қасиет қырлары «XXI ғасыр: әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» атты кітапта алдыңғы қатарлы елдердің басшылары, көрнекті руханият жетекшілері мен зияткерлері тарапынан мойындалып отыр («Егемен Қазақстан»).