Жеткізуші

lat: Jetkizýshi

зат есім. Бір нәрсені апарушы, әкелуші, хабарын беруші. Олар ханның аяғына жығылып, жерді сүйіп, біз, Құдайдың құлдарын, кешіре гөріңіз, жіберген адамдардың сәлемін ж е т к і з у ш і м і з деп жалбарынды (М.Жұмағұлов, Қыран.). Қалада оқып жүрген Абай ауылының жастары арасынан Қасымбек Әуезов, Сіләл мен Ұлықпандарды өзіне айтып ж е т к і з у ш і л е р де бар-ды (К.Оразалин, Абай.). Манағы талапты Кабановский мырзаға ж е т к і з у ш і де өзіңіз болдыңыз (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).