В

lat: V

1. Қазақ әліпбиіндегі орыс тілі арқылы енген кірме сөздерді таңбалау үшін алынған орыс тіліндегі дауыссыз дыбысты білдіретін төртінші әріп. 2. Жоғарғы тіс пен төменгі еріннің жуысуы арқылы жасалатын орыс тіліндегі дауыссыз ызың (фрикатив) дыбыс. В - жасалу тәсіліне қарай ызың, дауыс қатынасына қарай ұяң дыбыс. Қазақ тілінің байырғы дербес жүйесінде В әрпіне сай фонема жоқ (Қазақ тілі энц.).