Жеті

lat: Jeti

сан есім. Алтыдан кейінгі есептік сан, 7 цифрының қазақша атауы. Ж е т і рет өлшеп, бір рет кес (Мақал). Ей, балам, пәлен күні жауын жауар, Сол жауынның суында кесапат бар: Ж е т і күн жынды болар суын ішкен, Ж ет і күн өткеннен соң және оңалар (Абай, Тол. жин.). Кешкі сағат ж е т і д е үйде боламын (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Ж е т і ұл мен бір қыз қалған артында, Өткен пақыр арманына жете алмай (Ә.Абайділданов, Алыс.).   Ж е т і жыл тарттың өрге сен, Жеткіздің тағы шыңға бір. Әлемге болдың сен көсем, Адамға болдың шын бауыр (М.Мақатаев, Шығ.). Сенімді ж ет і жігіт қасына еріп, Батырға Шаймердендей көмек беріп. Таң ата ертең ерте жүрмек болды, Жолдасқа отыз кісі қасына еріп (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). // Жеті жас. Балалықтың базарын, Емес әлі ұмытқан. Жетті осылай ж е т і    г е, Балғын болып Ұлықпан (О.Шипин, Дастан.).