Г

lat: G

1. Қазақ әліпбиіндегі бесінші әріп, г дыбысының таңбасы. Енді қазақ әліпбиіндегі б, г, ғ, д, ж, й... Дауыссыз дыбыс әріптерінің және я, ю, и, у таңбаларының фонемадыбыс қатынасын көрсетейік (Қ.Күдеринова, Қазақ жазуы.). 2. л и н г в и с т и к а л ы қ. Тіл орта шенінің қатты таңдайга тиіп, кері қайтуы арқылы жасалатын шұғыл, дауыссыз, ұяң фонема. Тілдің ортасы таңдайға тиісуінен к, г дыбыстары жасалады (А.Ысқақов, Қаз. тілі грамм.). Жіңішке түрінде бұлардың («қ», «ғ») орнына к, г дауыссыздары келеді (Қ.Жұбанов, Қаз. тілі жөнінде). Кей кісілердің айтуында соңғы г дыбысы к-ге айналып кетеді (І.Кеңесбаев, Қазіргі қаз. Тілі). Г-де тілдің сүйірленген ортасы таңдайға қатты жабыспайды, қана тиіседі (Н.Сауранбаев, Қаз. Тілі). Шұғылксплозив) дауыссыздар мыналар: п, б, г, к (К.Аханов, Тіл білімі.). 3. Реттеп санау жүйесінде бесінші дегенді білдіреді. а) Тұр, жүр; ә) Есімшелер; б) Зат есімдер; в) Сын есімдер; г) Сан есімдер (А.Ысқақов, Қазіргі қаз. Тілі). 4. Цифрмен таңбаланған сандық өлшемнен кейін келетін «грамм» сөзінің қысқарған түрі. Малға глаубер тұзын - сиырға 25 г, төлге 15 г... Берген дұрыс (Қ.Құсайынов, Химия).