Жеті

lat: Jeti

зат есім. Дүйсенбіден келесі дүйсенбіге дейінгі аралық уақыт, апта. Марқабай қызмет істейтін бөлімшеде бір ж е т і болғанын Сергеев бізге сыбырлап айтты (С.Омаров, Дала.). Басқа дәрілермен араластыра отырып пантокринмен емдеу мерзімі 23 ж е т і г е созылады (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.). Бұл жаралар әуелі 2-3 ж е т і д е н ұлғая береді, ауру қатал болады, төртінші ж е т і д е н бастап жаралар жазыла бастайды. Аурудың да беті бері қарайды (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Келеді маған сол қыз ж е т і сайын, Айтпадың бұрын неге осындайын? (Көрұғлы).