Гүлзар

lat: Gúlzar

з а т е с і м. Гүл өсіретін орын. Бұл бағдарламаның үлкен бір саласы қаланы көгалдандыру, онда парктерді, бақтарды, г ү л з а р л а р д ы, көше жиегіндегі ағаштарды Алматы атына лайық ету мұқият ойластырылған («Егемен Қазақстан»). Жақындаған сайын әлгі мұңлы мұнар бірсінірсін сөгіліп, алдыңа қызылдыасылды г ү л з а р д а н кілем төсей береді (О.Бөкеев, Мұзтау). Гүлзар көгалдың, жолдың деңгейінен жоғары орналасадыаз. Тілі термин. Биология). Парсы, түркі кітаптары бұны біресе Шираздың г ү л з а р ы н а әкетеді (М.Әуезов, Абай жолы). // Жайнаған, гүл сияқты құлпырған. Көне, кімнің аузы бармақ жас жігіттің от кеуде, Туған жерге деген г ү л з а р махаббаты жоқ деуге (М.Шаханов, Ғасырлар.). Енді қанша жүреміз, Әсем жер көп қалада. Келіп жеттік, міне, біз Г ү л з а р бақты алаңға (Ш.Әлдибекұлы, ХанТәңірі). Содан бері, міне, қанша жыл өтті. Қанша Г ү л з а р көктем келіп туған жерді түлетті. Көкірегінен желкен жайып тәтті үміт Қанша жігіт қырға шықты ат мініп (М.Шаханов, Ғасырлар.).