Ғ

lat: Ǵ

1. Ұяң, тілшік, жуысыңқы дауыссыз дыбысты білдіретін қазақ әліпбиіндегі әріп. 2. Тіл түбі мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалатын Ұяң дауыссыз дыбыс. Ғ дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. 3. Реттеп санау жүйесінде алтыншы дегенді білдіреді. Қазақ тіліндегі лепті сөйлемдер мағыналық, тұлғалық өзгешелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: а) бұйрық мәнді сөйлем. ә) тілек [жалынышты] мәнді сөйлем. б) арман мәнді сөйлем. в) өкініш мәнді сөйлем (Қазіргі қаз. тілі).