Ғалым

lat: Ǵalym

з а т. 1. Оқымысты, ғұлама, білгір адам. Ғ а л ы м н ы ң сөзін тұтпасаң, Жаһилдің жолын ұстасаң, Көретін шырақ шілде жоқ, Қайда барсаң жамандар Аяғын бассаң табыларазар жырау, Шығ.). Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғ а л ы м д ы көрсеңіз, «Ондай болмақ қайда деп», Айтпа ғылым сүйсеңіз (Абай, Тол. жин.). Фараби ұлы ғ а л ы м болып алып, Қарады жанағына көзін салып. Бала күн, туған елі еске түсіп, Отырды елжіреп бір ойға қалып (Ө.Тұрманжанов, Бозша торғай). 2. Ғылымның белгілі бір саласын жетік игерген білімдар адам, маман. Туберкулез ауруын қоздыратын микробты 1882 жылы Роберт Кох деген неміс ғ а л ы м ы ашқан (Ш.Көшербаев, Туберкулез). Жарқанат түрлері мен олардың мал шаруашылығы өніміне тигізетін зияны туралы мәліметтерді көптеген ғ а л ы м д а р д ы ң еңбегінен көруге болады (Ғ.Әбішев, Мал. жарақат.).