Ғимарат

lat: Ǵımarat

з а т е с і м. 1. Сәулет өнерінің белгілі бір үлгісімен салынған құрылыс, күй. Мешіттің үйі тек қана осы өлке емес, аудан, тіпті асырыңқырап айтсаң, облыс көлемінде көп кездесе бермейтін көне ғ и м а р а т т а р д ы ң бірі (Ө.Қанахин, Жер бас.). Он төртінші ғасыр тудырған ғаламаттардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмед Ясауи ескерткіші. Бірақ өкінішке орай, осы алып ғ и м а р а т т ы ң оң қанатын сөулеттендіру жұмысы аяқталмай қалған (М.Шаханов, Ғасырлар.). Оңтүстік Корея Алматының қақ ортасындағы үлкен бір ғ и м а р а т т ы сатып алып, оны Корей мәдениет орталығына айналдырды («Қаз. Әдеб.»). 2. Мекемеге арналған жай. Үш қабат үлкен ғ и м а р а т т ы ң іші жым-жырт. Осыдан екі- үш күн ғана бұрын қазандай қайнап жатқан даңғаза тірлік сап болған (Қ.Жұмаділов, Қаздар.). Жәнібек селт етіп басын көтеріп алды. Мектепке жақындап қалған екен. Айналасы дуалмен қоршалған екі қабатты үлкен ғ и м а р а т көзіне оттай басылды (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).