Дағарадай

lat: Daǵaradaı

с ы н е с і м. Абажадай, үлкен. Хазірет басына д а ғ а р а д а й ақ сәлде ораған, сақалы белуарына түскен аппақ қудай адам екеназ. ертег.). Азия ойындарының кішкентай ала жалауын ұстаған д а ғ а р а д а й күн қағары бет олпетін жауып кеткен мөреші әр минут сайын жалауды сілтеп кеп қалады (С.Бердіқұлов, Аспан.). Үңгірдің кіреберісі тар болғанмен, біраз еңбектеп барған соң д а ғ а р а д а й кеңіп кетті (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). Арқардың д а ғ а р а д а й иір мүйіздері соншалық жарастықты (М.Әуезов, Таңд. шығ.).