Дағды

lat: Daǵdy

з а т е с і м. 1. Үйреншікті, сүйекке сіңген әдет, қалыптасқан машық. Сапақтың жыл сайын д а ғ д ы с ы осы, мал иесінің Бұл мінезін жылқышы Құдайберген де жақсы біледі (С.Талжанов, Ұлдай.). Біреумен сөйлескенде сақалын андасанда сипап қою атамның ежелгі д а ғ д ы с ы (Ж.Қазитов, Өмір.). Шарықтап, биікке шығып барып төмен сорғаламай аң алмайтын бүркіттің д а ғ д ы с ы (С.Мұқанов, Менің мект.). 2. Ұлтқа, дінге, ділге тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты қалыптасқан машық, Әртүрлі амал, әдет т.б. Бомбейде жоғарыда біз айтқан әлденеше касталардың талайы бар. Сондай бір алуан д а ғ д ы, достүрі бәлек Бомбей тұрғындары парсы дейтін жұрт екен (М.Әуезов, Индия очерк.). Романда автор патриархалдық салтсана д а ғ д ы л а р ы н сатира найзасына түйрей отырып, қазақ ауылының шынайы суретін өрнектейді, әке мен бала арасындағы ірі қарамақайшылық суреттеледі (М.Дулатов, Шығ.). Шатақ дін мен д а ғ д ы ғ а Шоқынба, досым, зиян бұл. Дұрыс емес құр ойлап, Ақылға сынат, сабыр қыл (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 3. Мәдениетке, ахлаққа ұлттық тәлім-тәрбиеге тән деп. Қазақтың «киіз басу» биі, «қой басты» ойыны, жас балаға бір шүйке жүн беріп жіберіп, құртмай және басқа да дәмді ас алдырып жеу д а ғ д ы с ы да еңбектің өзіне тән ерекшелігіне байланысты өз кезінде туған салт-дәстүрлер болды (С.Қасиманов, Қаз. Қолөнері). Мен байқамай батыстың д а ғ д ы с ы м е н айтып қалыппын, Жолыңыздан қалдырып бөгемейін. Қош болыңыз! (К.Тоқаев, Түнде.). Бірақ келіншек отырмады, сыйлайтын адамынан бұрын отырмайтын ауылдың депті әйелдерінің д а ғ д ы с ы м е н, Балуанға бір қырындап түрегеп тұрды (С.Мұқанов, Балуан Шолақ.). Қазақ д а ғ д ы с ы н а жетік Дуся орнынан ұшып түрегеліп, Ұлжан шешейді шайға шақырды (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). 4. п е д а г о г и к а л ы қ. Оқыту, білім беру жүйесінде қалыптастырылатын білім алу, оны қорыту, пайдаланудың түрлі машықтары. Оқу-тәрбие процесінің міндеті - балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар түрлі д а ғ д ы л ар д ы меңгерту болып табылады (ҚҰЭ). Білімнің табысты да, берік болуы балаға бастауыш мектепте берілген білім мен д а ғ д ы н ы ң беріктігіне байланысты («Қазақст. мұғ.»). 5. п с и х о л о г и я л ы қ. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасқан машық. Д а ғ д ы іс-әрекеттің қай түрінде де маңызды орын алады (ҚҰЭ). Қимылдың д а ғ д ы ғ а айналуы мидың қызметі мен өз міндеттерін ойдағыдай орындауда ерекше орын алады (ҚҰЭ). Дағды алды. Үйренді, көндікті, қалыптасты, әдеттенді. «Әжемнің баласы» боп д а ғ д ы а л ғ а н мен ырқына көнбесем, күші жететін әкем құшақтап ап еріксіз сүйеді (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Далада көп жортып д а ғ д ы а л ғ а н Мәмбеттің ойы күн ұясына кіреркірместе Тіксайдан өтіп, жұрт орынға отырып жетпей Аққалаға Құлап кету еді (X. Есенжанов, Тар кезең). Қарт өзі әбден д а ғ д ы а л ы п кеткен түйенің бірқалыпты изеңімен ұзап барады (Р.Райымқұлов, Болат.).Дағды алдырды. Үйретті, әдеттендірді. Д а ғ д ы а л д ы р м а тіліңді келеңсіз кеңес ыбырға! (О.Шораяқов, Шайыр).Дағды бойынша. Әдеттегіше, жайшылыұтағыдай, күнделікті қалпындай. Жылдағы көктемдегі д а ғ д ы б о й ы н ш а қалың ауылдар көп малымен осында орнап қалды (М.Әуезов, Абай). Көбекең д а ғ д ы с ы б о й ы н ш а басындағы тақиясының етегін айналдыра байлап тастаған бет орамалын тақиясымен қоса кейін ысырып қойды да, сәл ойланды (Ж.нұсқабаев, құмда өс.). Алайда, кейбір үйлер баяғыдан ауыз үйренген д а ғ д ы б о й ы нш а солай аталатын болар, өйтпесе, Бұл кемпірге енді бұрынғы құрмет-қошемет арам болуға тиіс (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).