Жинақ

lat: Jınaq

зат есім. Бір немесе бірнеше автордың әртүрлі шығармаларының жиынтығы; топтама. Ж и н а қ т ы ң соңғы бетін жапқанда Ләззат көңілі ойсырап қалды (Т.Ахтанов, Махаббат.). Райнис өлеңінің ж и н а ғ ы н біз Даугава дабылы деп атадық (С.Мәуленов, Жер нәрі.). Абайдың өлеңдер ж и н а ғ ы Ташкент қаласында екінші рет басылған екен, мен сендерге соның бір данасын әкелдім (М.Дүйсенов, Ант). Аудармаларын өз ж и н а ғ ы н а қосқан екен, баспа қабылдамапты (М.Әлімбаев, Көңіл күйі). Түк қалмады өмір мен бек, қазыңнан, Бірге кетті қазынаға жиғаны. Неше ғасыр бізден бұрын жазылған Сол күйінде Әлішердің ж и н а ғ ы (Ж.Жұматаев, Ләйлә). // сөйлеу. Жинақы, ықшам. Іші-сырты майланып, ақталған, төсек-орындары [колхозшылардың], ыдыс-аяқтары таза, қора-қопсылары ж и н а қ (С.Мұқанов, Замандас.). Бос жіберсе қашпады, бейбіт оттамады, Балуан-Шолақтың Ақбозы ішін ж и н а қ қалпынан түсірмеді (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).