Жинақы

lat: Jınaqy

сын есім. 1. Олпы-солпы емес. Ұқыпты әйелдің ж и н а қ ы тап-таза үйінің ішінде көктем лебі аңқығандай көңілді рең бар еді (С.Бегалин, Уақыт.). Тұрымтай бойы сымбатты, ж и н а қ ы, ұшуы өте ұшқыр (Ш.Айманов, Қыран.). Мұрат ұйықтамаған тәрізді, даусы ширақ, сыртқы түрі де ж и н а қ ы, тек үлкен қара көзі ғана кіртиіп кішірейе түскен (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). 2. Ықшам. Мақалдың сөз саптауы олпы-солпы болмай, етек-жеңі ж и н а қ ы , ықшам келеді (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.). Менің әжем әлі де жас алпыстың үшеуінде ғана, кәрілікке жеңдірмеген, жүріс-тұрысы ж ин а қ ы (С.Мұратбеков, Жабайы.).