Жиналыс

lat: Jınalys

зат есім. 1. Ұжым мүшелерінің белгілі бір мәселені талқылау үшін, өздерінің ішкі өндірістік, экономикалық, әлеуметтік мәселелерін қарау үшін бас қосқан кеңесі; мәжіліс. Өмірбек пек Қанат, Сәтімбай үшеуі ж и н а л ы с т а н бірге шықты (С.Шаймерденов, Мезгіл). Кеше кешке колхоз басқармасында ұзақ бір ж и н а л ы с болған (Ғ.Орманов, Жүрек). Ол осы кезде өзінің кандидаттыққа өткен ж и н а л ы с ы н, ондағы сенім көрсеткен достарын есіне алды (Ә.Шәріпов, Партизан.). Ж и н а л ы с тарап, әркім өз взводына қарай кетіп бара жатты (С.Сейтов, Сөз сұра.). Ойлап қараса, ж и н а л ы с т а айтылған сөздердің барлығы бұған ақыл екен (Ә.Жәмішев, Дала.). 2. саяси. Адамдар тобының белгілі бір оқиғаға наразылық немесе қолдау, ынтымақтастық т.б. қоғамдық көңіл-күйді жаппай білдіру тәсілі. Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, ж и н а л ы с т а р, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы (ҚР Конституциясы). Қылмыстық кодекстің 334-бабы бойынша ж и н а л ы с т а р д ы және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу барысында бұл әрекет көлік жұмысының бұзылуына себепші болса немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі түрде зиян келтірілсе, онда оны ұйымдастырушылар мен қатысушылар әкімшілік жазаға немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін (ҚҰЭ). 3. педагогикалық. Балалар ұйымының жоғарғы органы, олардың өзін-өзі басқару түрі. Ж и н а л ы с ұжымды тұтас қамтып, өз шешімдері мен оның орындалуын қамтамасыз етеді (Қаз. тілі термин. Педагогика). Ж и н а л ы с т а төраға, хатшысы бар төралқа сайланады. Өткізу реті сақталып, қажет жағдайда хаттама жүргізіледі (Қаз. тілі термин. Педагогика).