Даралық

lat: Daralyq

з а т е с і м. 1. Жалғыздық. Өзінің де түк өндірмей өтіп бара жатқан жылдарына опық жейді... Сырласары, теңдесі жоқ д а р а л ы қ қартайтып, енді «ертекші шал» боп қалған тәрізді өзін-өзі сықақтайды (Д.Әбілев, Арман). Сен дарасың, д а р а л ы ғ ы ң ол маған. Саған деген гүлім түсте солмаған (Қ.Бұғыбаева, Ару ана). 2. Өзгешелік, ерекшелік. Тақырып жағынан солай бола тұра Асқарда өзіне-өзі ғана ұқсайтын, басқаға ұқсамайтын д а р а л ы қ стиль бар (С.Мұқанов, Өсу.). Төңіректен ылғи д а р а л ы қ т ы, ерекшелікті іздейтін суретші жігіт жүрегін шайлықтырып отырған тағы бір жігіт - Айжанды сылыңғыр қала қызы деп есептеді (М.Қабанбаев, Арыстан.).