Жиһазда

lat: Jıhazda

етістік. 1. Үйге бұйым жию, жасаулау. Енді бір бөлмеге қолы жетсе, оның ішін де тәп-тәуір ж и һ а з д а п, түзеп алар еді (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар). 2. Үйді әдемілеу, сәндеу, безендіру. Жұмыстан қолы бос уақытта олар алуан сынды өсімдіктер, гүлдер өсірумен әдеттенеді, үйлерін жасыл өсімдік, шешек атқан гүлдермен ж и һ а з д а й д ы (С.Байжанов, Сыр.). Химиктер мен өнеркәсіп қызметкерлері әлдеқашан ойлап тапқан сынбайтын ыдыс пен киіз үйді ж и һ а з д а й т ы н арнайы мебель әлі жоқ (Т.Жанұзақов, Азамат).