Дәйек

lat: Dáıek

з а т е с і м. 1. Дерек, мағлұмат, сүйенетін тірек. Тоқаштың өмірінен д ә й е к т е р жинаған Есжан Сәдиевтің айтуынша, 1898 жылы Верный уезінің бастығынан Мойынқұм болысынан қалаға үш бала орысша оқуға жіберілсін деген бұйрық келген (З.Шашкин, Тоқаш Бокин). Біз жауап күтіп отырмыз. Әлі қыздан д ә й е к хаттан дерек жоқ (І.Жансүгіров, Шығ.). Сөзіміздің дәні, д ә й е г і аз, байбаламы мол болғаны жарамады (Д.Досжанов, Табалдырығың.). 2. Дәлел. Агроном манағыдай сенімді емес, сөзіне жаңа д ә й е к қарастырып әуре (А.Бекбосынов, Ауылым.). Әйткенмен бұл алаңдаған көңілді тыныштандыратын д ә й е к еместін (С.Әбдірайымов, Тас.).