Дәйексөз

lat: Dáıeksóz

з а т е с і м. т е р м. ж а ң а с ө з. Жазылған не айтылған мәтіндегі автордың ойын нақтылау, дәлелдеу, құптау үшін белгілі бір ғалымның не ақындар мен жазушылардың шығармаларынан сөзбе-сөз алынған үзінді; цитата. Д ә й е к с ө з д е р ғылыми еңбектерде пайдаланылғанда сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс (ҚҰЭ). Ол маған елде барлық сыртқы топтардан сайлауды қадағалау үшін мыңға жуық бақылаушының тіркелгені туралы бірқатар сайлау алдындағы д ә й е к с ө з д е р д і жіберіпті («Егемен Қазақстан»).