Дәйекте

lat: Dáıekte

е т і с т і к. Тиянақтау, анықтау, дәлелдеу. Ол иіскеп жердің сырын, д ә й е к т е п қарап дәннің тілін біледі екен (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Ақжамал мен Құндыз масқара етіп кеткеннен кейін, Берке хан өзін бір жерге д ә й е к т е п ұстай алмайтын күйге ұшыраған (І.Есенберлин, Алтын Орда). Бірақ олар қаза болды ма, жараланып қолға түсті ме, оны ешкім д ә й е к т е п айта алмады (К.Қазыбаев, Аманат).