Дәйекті

lat: Dáıekti

с ы н е с і м. 1. Тиянақты, тыңғылықты. Әкемнен үш жылдан бері хабар-ошар жоқ болатын. ... Әскери бөлімдерге сұрау салып, іздестіріп көріп ек, олар да д ә й е к т і хабар айта алмады (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Жерасты жолдары - Оңтүстік Қазақстандағы тарихи ескерткіштердің аса бір маңызды саласы. Оларды д ә й е к т і зерттеу арқылы біз ертедегі халқымыздың қала салу, мемлекетке айналып, өркендеп-өсу дәуірін анығырақ білеміз (Д.Досжанов, Құм жұтқан.). Бұлай ойлауымыздың д ә й е к т і себебі бар. Қазақстан территориясындағы тағы бұғылардың қазіргі саны 25 мыңнан артып отыр (Ә.Асқаров, Құт мекен). 2. Табанды, тұрақты, сенімді. Ш.Уәлихановтың қызметінің тарихи маңызы сол: ол қазақ халқының алдыңғы қатарлы орыс мәдениетіне тартылуына көмектесті және соның белсенді, д ә й е к т і қорғаушысы болды (ҚазССР тарихы). Бұл образды жасау арқылы Күләш Байсейітова бұрынғы табыстарын д ә й е к т і етті (Ғ.Жұбанова, Аялы жан.).