Жиын

lat: Jıyn

зат есім. 1. Бір нәрсенің жиынтығы, қосындысы. Ж и ы н ы н алғанда өлең тілінде үлкен байлықпен қатар, тапқырлық, дәлшілдік мол (М.Әуезов, Әр жыл.). Бұрынғы біркелкі ақ және қара жолақтардың орнына қызыл, жасыл, сары т.б. сақиналар ж и ы н ы н алар едік (Аалығұлов, Жарық.). 2. Көп адам жиналған жер, той-думан. Көл басында қауырт ж и ы н бар сияқты (С.Көбеев, Орынд. арман). Асықпай аралаймыз Абай үйін, Жинапты талғамына қарай бұйым. Біржан сал бір кездері өз басы боп, Бұл үйде дүрілдепті талай ж и ы н (С.Мәуленов, Алыс кет.). Біз тұрған жер сырт қарағанда күнде ж и ы н, күнде той болып жатқан бай ауылға ұқсайды (Б.Тоғысбаев, Ақиық). Бірі үстіне бірі келіп ж и ы н көбейді (М.Әуезов, Көксерек). Қысылу жанға қиын ба, Тап болдым күйге өзге енді. Бір ағай маған ж и ы н д а, Ақын деп атап сөз берді (С.Әлімқұлов, Жайсаң жер.). 3. Бір топ адам, көпшілік. Қалың ж и ы н келе жатты жүректері жаралы Оркестрдің зарлы даусы мұңға бөлеп қаланы (Маханов, Ғасырлар.). 4. Жиналыс, мәжіліс. Ж и ы н н а н енді сөзге шығатын жан табылмады (Аатаев, Дала.). Ақмола қаласында осы ояздағы болыстардың басы қосылған ж и ы н бола қалды (С.Мұқанов, Шығ.). Қаланың ортасындағы бір алаңда кішкене ж и ы н өтті (С.Бақбергенов, Қарға там.). Мектептің тарих пәнінің мұғалімі X.Уәлиханов оқушылар мен мұғалімдер коллективінің ауыл ардагерлерімен бас қосқан салтанатты ж и ы н д ы ашты («Қазақст. мұғ.»). 5. математикалық. <ағылшын тілі. set> Қарапайым математикалық ұғымдарға жататын, сондықтан анықтамасы берілмей, аксиомалық жолмен енгізілетін математикалық ұғым. Ертедегі гректер сан ұғымы дегенде оң бүтін санды ғана түсінді және оны бірліктердің ж и ы н ы деп қарады (О.Жәутіков, Математика.). Егер А ж и ы н ын ы ң барлық элементтері В жиынының да элементтері болып табылса, онда А жиынын В жиынының бөлігі дейді (О.Жәутіков, Жоғары математика.). Мәселен, барлық сандар жиыны М барлық натурал сандар ж и ы н ы N-нің бөлігі болады (О.Жәутіков, Жоғары математика.). Бір мектеп оқушыларының, берілген шеңбер нүктелерінің, берілген теңдеу шешімдерінің табиғаты әртүрлі ж и ы н д а р ы туралы айтуға болады (ҚҰЭ).