Дәреже

lat: Dáreje

з а т е с і м. 1. Мәртебе, бедел. Бұларға қазақ жұртының өкпелейтіні де, осы күнгі тар заманда білім, д ә р е ж е л е р і бола тұрып, баяғы аталары өрге сүйреген жұртына басшылық қылып, пайдаларын тигізбеді дегеннен басқа болмаса керек (М.Дулатов, Шығ.). Ақылдының белгісі: байыса аспайды, д ә р е ж е с і н е таспайды (Мақал-мәтел). Су аспас биік жардан тасқандағы, Жігіттің жары Құдай сасқандағы. Бағаңа жан жетпейтін асыл еркем, Д ә р е ж е ң жұлдызбен тең аспандағы (Ақан сері, Шығ.). 2. Р е с м и. Мемлекет тарапынан берілетін марапаттардың ресми жүйелілік реті, түрлі қызмет саласындағы лауазымды ғылыми атақтар деңгейі, шендік айырым. «Сұлтан мырза, сізге, сіздің туыс, серіктеріңізге үкімет өзі бермеген д ә р е ж е, шенді өз беттеріңізбен алуға бұдан былай қарай ешбір рұқсат етілмейді» делінген (І.Есенберлин, Қаһар). Орден, медальдарының көптігі жөнінен өз д ә р е ж е с і н д е г і офицерлердің бәрінен де оқ бойы алда жүрді (Ө.Қанахин, Жер бас.)