Дәрежелі

lat: Dárejeli

с ы н е с і м. 1. Дәрежесі бар, дәрежеге ие. Қалайынша қарсы алмасқа, сіз сияқты үлкен д ә р е ж е л і, ұлық адамды (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Колхоз шаруасын көтеруге орталықта отыртан биік д ә р е ж е л і қызметкерлер жіберілді (Ғ.Қайырбеков, Қарқаралы). 2. Атағы, білімі, қызметі жоғары. Бұл үйде аса бір сыйлы, д ә р е ж е л і деген қонаққа тана дастарқан төргі бөлмеде жасалады (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). 2. Марапат, сыйлықтың айырмашылық белгісі. Спектакль республикалық байқауда бірінші д ә р е ж е л і дипломға ие болды (І.Омаров, Серпін). Қасындағы атқосшысына бұрылып едім, сумкасынан алып Бексұлтанның омырауына екінші д ә р е ж е л і «Даңқ» орденін қадады (Ж.Жұмақанов, Солдат.). Соның үшін ол кісіге жоғарғы д ә р е ж е л і сыйлық та берілді, тылыми атақ та берілді (А.Машанов, Жер асты.). Қызыл Ту орденім, бірінші және екінші д ә р е ж е л і Отан соғысы ордендерім бар (Ә.Нұршайықов, Батыр.).