Дәрігер

lat: Dáriger

з а т е с і м. Медициналық және ветеринариялық жоғары білімі бар маман. Бекболаттың құдасы Бүркітбай науқасты болып, күйеуі Зікірия әкесін араға бес қонып баратын Атбасарға д ә р і г е р г е алып кеткен (С.Шарипов, Шығ.). Әділ көптен науқас болғанмен, д ә р і г е р емін дәрмен етіп жүре беретін (Ғ.Орманов, Жүрек). Ақыры мен мединститутты бітіріп, осы жердегі Жамбыл ауданына д ә р і г е р болып кеттім (М.Мағауин, Ақша қар.).