Дәрігердей

lat: Dárigerdeı

с ы н е с і м. Дәрігер сияқты, дәрігер тәрізді. Д ә р і г е р д е й тамыр ұстаған, жүгіре басып жүр жігіт (Ғ.Қайырбеков, Таулар.). Солар ғой, соғыс салған ауыр дертті, бейнебір д ә р і г е р д е й бөлек емдер (М.Құрманалин, Мөлдір.). Д ә р і г е р д е й іздеген жүрек емін, Кенет жерден тапқандай тілегенін (М.Шаханов, Ғасырлар.).