Дәрігерлік

lat: Dárigerlik

с ы н е с і м. Дәрігерге тән, дәрігерге қатысты, медициналық. Сүзектен, суық тиюден, мерезден және басқа аурулардан да халық көп өледі. Оның себебі - ауырған адамдарға ойдағыдай д ә р і г е р л і к жәрдем көрсететін адам жоқ (Ш.Уәлиханов, Мақала. хат.). Кеме апатынан аман қалған қыз қазір д ә р і г е р л і к бақылауда (Ж.Сахиев, Тіршілік.). Ана Жағалбайлының сойыл-соққыға жығылғандарына д ә р і г е р л і к көмек керек деп тапты (Д.Әбілев, Арман.).