Жиырма

lat: Jıyrma

сан есім. 1. Он тоғыздан кейінгі есептік сан, 20 цифрының атауы. Алексейдің де өмір тарихы өте қысқа. Ж и ы р м а жасқа жаңа ғана шықты (Ә.Шәріпов, Қапаста.). Біз бұл араға дейін ж и ы р м а шақырымдай жүріп едік, бірақ шаһардың шеті көрінетін емес (Т.Ахтанов, Үндістан.). Ғалияның көз алдында ж и ы р м а жастағы Абзалдың көрікті жүзі, сымбатты тұлғасы келді (С.Жүнісов, Өшп. із.). Бұл үйді мен тұңғыш рет ж и ы р м а жыл бұрын көргенмін (Қ.Исабаев, Арман.). // Жиырма жас. Ж и ы р м а ғ а жеткен қыз кәрі болар, Өңі кетіп, шырайы сары болар. Ер елуге жетсе де айыбы жоқ, Әр уақытта біреудің жары боларал ақын, Өлеңд.). Жетпей-ақ ж и ы р м а ғ а хакім болдың, Жоғарғы хакімдерге жақын болдың. Жол айтып Құдай үшін азаматқа, Адасқан адамдарға ақыл болдың (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 2. ауыспалы мағына. Жастық дәурен. Сен мендік бар шаттықтың төресі ме ең, Жүр едім өткен шақтың елесімен. «Мұнда кел, мұнда кел» деп қол бұлғадың Ж и ы р м а н ы ң көк балауса белесінен (М.Шаханов, Ғасырлар.). Буыны қатып ж и ы р м а д а, Жетіліп ақыл тапқан жас. Өнер-білім шыңына Қанатын самғап қаққан жас (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).