Жиырмадай

lat: Jıyrmadaı

сын есім. Жиырма шақты. Ж и ы р м а д а й жендетімен Коновалов Юдинко селосына кірді барып. Мақсаты Лоюев Иван табылса үйден, Құмардан шықпақ қолын қанға малып (А.Нұртазин, Орман.). Күші бар-ау дегеннен ж и ы р м а д а й еді менде, деп мойындады Тілеуберген (М.Жұмағұлов, Қыран.). Атын да, арбасын да алды сайлап, Жүруге біржолата жүгін байлап. Ж и ы р м ад а й қолында құл, күңі бар, Өңгелерін сатыпты базарға айдап (Үш ғасыр.).