Дейін

lat: Deıin

ш ы л а у. Мекенді, мезгілді білдіретін сөздерге тіркесіп, соның шегін, межесін танытатын септеулік шылау. Жұмыс көп, ертеден кешке д е й і н зырылдап жүгірудемін (А.Машанов, Жер асты.). Соңғы жылдарға д е й і н түйе еті өндірілмей келді (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру.). Қайтарда Мергенбай үйіне д е й і н шығарып салды (З.Шашкин, Доктор.).