Дейінгі

lat: Deıingi

ш ы л а у. Барыс жалғаулы сөзге тіркесіп белгілі бір шамаға жеткендік, шектік мезгілдік мағына үстейді. Қатардағы жұмысшыдан аға бұрғышыға д е й і н г і үлкен жолдан өтті (Қ.Қамбаров, Алтай.). Не де болса менің осы күнге д е й і н г і бар өмірім артта үзіліп қалып баратқандай (Т.Ахтанов, Шырағың.). Оңтүстік Қазақстан жеріндегі жерасты жолдары өте ертеде, шамамен алғанда біздің дәуірімізге д е й і н г і ІV-ІІІ ғасырларда салына бастаған (Д.Досжанов, Құм жұтқан.).