Демалу

lat: Demalý

Демал етістігінің қимыл атауы. Бұл тез арада суға қайта сүңгіп, апатқа ұшыраған кеменің д е м а л у бөлмесіне келді (Ж.Сахиев, Тіршілік.). Егер сиырды қысыазы қолға ұстап, жақсы д е м а л у ы н а жағдай жасаса, олардың қатары көбейе түсер еді (Ақ бұлақ). Түсіп көрген жоқ, шүкір, жаным дауға, Хақылымын жануға, жалындауға. Мен де сенің кірермін құшағыңа Д е м а л у ғ а, мәңгілік дамылдауға (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).