Демалушы

lat: Demalýshy

з а т е с і м. Тынығушы. Қазақ әдебиетінің қарт қаламгері Сапарғали Бегалин, батыр жазушы Бауыржан Момышұлы - бәріміз Сарыағаш курортында д е м а л у ш ы л а р м е н әңгімелестік (Ә.Жәмішев, Армысың.). Баршаға мәлім, тау көлдері мен табиғи бұлақтар маңайы д е м а л у ш ы л а р ғ а толы болады («Мәдениет және тұрмыс»). Әр бөлменің лоджиясы, ваннасы мен телефоны д е м а л у ш ы көңілін демдеуде жарап жатыр (О.Әбділдаев, Сымбат).