Демалыс

lat: Demalys

з а т е с і м. 1. Тынығатын, демалатын уақыт, мерзім. Мұрат төрт күнге созылған д е м а л ы с ы н түгелімен Сәлиямен бірге өткізуге дайын пейілін көрсетті (Т.Нұрмағамбетов, Тұнық.). - Ұйқы дегеніміз мерзімді д е м а л ы с, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлде болмайды, не кем болады (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.). Д е м а л ы с бітті. Бөгелмей шөпшілер іске аттанды. Құтылдым ба дегендей, Қазаншы апай шаттанды (М.Мақатаев, Шығ.). 2. Жылына бір рет тынығу үшін жұмыстан босатылатын уақыт, кезекті демалыс. 1928 жылы жаз ортасы ауа бергенде д е м а л ы с алған Қалибек, Әміре, Иса, Елубай бәріміз Қарқара жәрмеңкесінде бас қостық (Б.Балабеков, Ән - көңіл.). Ол жаңағы лықсып келген ашуы сабасына түскен соң, ендігі жерде д е м а л ы с ы н қайда, қалай өткізуді ойлады (Ж.Көрменов, Ақылбай.). 3. Жексенбі күн. Д е м а л ы с т а моншаға барады (Ауызекі). //Демалуға, тынығуға арналған. Олар сол сапарында Ақтөбе қаласының Пушкин атындағы д е м а л ы с паркіндегі ескерткіш мүсінді де көрді («Егемен Қазақстан»). Облыс орталығындағы Мәдениет және д е м а л ы с саябақтарында әртүрлі конкурстар, бұқаралық мәдени іс-шаралар өткіземіз («Егемен Қазақстан»). Қазіргі кезде «Арман» д е м а л ы с базасындағы жайды жалға алған әр отбасына Қарасай ауданы әкімнің шешімі бойынша сол ауданнан 10 сотықтан жер де бөлініп берілді. Бірақ, бұған қарамастан кейбір тұрғындар «Арман» д е м а л ы с базасын босатар емес («Егемен Қазақстан»). Соңғы жылдары көмір, темір рудалары мен басқа да пайдалы қазбалар өндіруден кейін босаған территориялар д е м а л ы с аймақтарын жасауға жиі пайдаланып келеді. (Т.Қалыбеков, Экология.).