Демалыссыз

lat: Demalyssyz

ү с т е у. Демалмастан, ұдайы, үзіліссіз. Д е м а л ы с с ы з көп оқудың зияны болатынын айтып, оған [Мәуленге] түсіндірмек те болған (С.Шаймерденов, Болашақ). Менің вахтам деді бұрғышы Опиев Тынышбай, мемлекеттік тапсырма орындалып шыққанша д е м а л ы с с ы з істеуге міндеттеме алады (Р.Өтесінов, Ақиқат.).