Жиілікбөлгіш

lat: Jıilikbólgish

зат есім. физикалық. Бастапқы бүтін тербелістен сан есе кем жиілікті тербеліс алуға арналған электрондық құрылғы. Ж и і л і кб ө л г і ш көмегімен әртүрлі жиілікте жұмыс істейтін бірнеше генераторлардан когерентті толқын алуға болады (ҚҰЭ). Ж и і л і к б ө лг і ш радиотехникада, автоматикада, жиілік синтезаторларында және өлшеуіш приборларда қолданылады (ҚҰЭ).