Денсаулық

lat: Densaýlyq

з а т е с і м. Адам ағзасының қалыпты жағдайы, есен-саулық, ауру-сырқаудан аман болушылық. Құдайға шүкір, д е н с а у л ы ғ ы еш адамнан кем емес, өзін құр аттай сергек сезінеді (Б.Бодаубаев, Желсіз түнде.). Көшелерге арық қаздырып, су жібертті. Біріншіден, Бұл - ауыл үстінің шаңын басып, д е н с а у л ы қ қ а пайда келтірсе, екіншіден, мекен-жайға сән беретінін елге ұқтырды (Б.Тоғысбаев, От пен күл). Басады ерді қайғы топырақтай, Мал, перзент, д е н с а у л ы ғ ы шат болмаса. Осылар тегіс болса орын табар, сірә бір қасиеті жоқ болмасаердері Әбубәкір, Қазағым.).