Деңгей

lat: Deńgeı

з а т е с і м. 1. Тұспа-тұсы, нақ шені. Артқы көштің д е ң г е й і н е келгенде бос жүруге арланып, бір жатынан, «бұ да болысып келеді екен» десін деп, Күнікей тартынып қалтан бір түйеге жанаса кетіп, бас жібін іліп алды да, естісін дегендей: «Әтшу, әтшу! деп, дауысын шығарды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Киім шешемін деп әуреленіп жүргенде кеме д е ң г е й і н е н ұзап түскен екенмін (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.). Біз тобымызды жазбай шеңгелдің д е ң г е й і н е н өте бере, алдындаты үлкен арнаға қарай қашып бара жатқан қасқыр көрінді (С.Танекеев, Қиян асу). 2. Белгілі бір шама, көлем. Бұл, шамасы - 1905 жылдың д е ң г е й і. Уәлі ол жылы алпыс жаста екен (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Өзен жағасындағы тау-тау үйілген бөрене д е ң г е й і бұрынғыдан да молая түскен тәрізді (Қ.Ысқақов, Бұқтырма). 3. Қатар, мөлшер. Алик биыл бесінші класта екінші жыл оқып жүрген кезі еді, осы д е ң г е й д е оқитын Асқар да документін жаңа мектепке ауыстырып, Аликтің қасынан бір-ақ шықты («Қазақст. мұғ.»). Жалеледдин тым асқақтап, өз д е ң г е й і н е н асуға айналса, әкесі оған не астыртын, не ашықтан-ашық «ток-ток» айтып, асау арғымаққа тұсау салып қоятын (О.Бодықов, Аққұс). 4. Дәреже. Ахмет Жұбановтың творчествосына арналтан бұл есепті концерт қазақ совет музыкасының биік д е ң г е й г е көтеріліп келе жатқанының айтатындай болды (Ж.Рсалдин, Ахмет Жұбанов). Қобыланды образын нағыз сахналық көркемдік д е ң г е й г е жеткізуге орындаушының творчестволық мүмкіншілігі мол («Соц. Қаз.»). 5. Биіктік. Шығысты бетке ала шөккен нардай Қазығұрт тауының да д е ң г е й і бұл түн биіктеп, мұнар басы ұзара түскен (А.Жолдасбеков, Әке қуанышы). 6. г е о л о г и я л ы қ. Таудың, жердің биік-аласалығын салыстыратын географиялық өлшем. Мұзтау теңіз д е ң г е й і н е н 4620 метр биік орналасқанеография оқулығы). Бұл ойпаттардың кейбір жерлері теңіз д е ң г е й і н е н төмен жатыр (Н.Баяндин, Саяхат.). 7. и н ф о р м а т и к а л ы қ. Желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуші желі құрылысының логикалық қабатыаз. тілі термин. Информатика.).