Деңгейле

lat: Deńgeıle

е т і с т і к. Шамалау, мөлшерлеу. Сондай ауыр ойлы күндердің біреуінде Ереймен тауын д е ң г е й л е п барып түнеген Амантай тобы түнді еңсеріп барып ұйқыға кетіп еді (С.Мұқанов, Ботагөз). Бортай әрліерлі ұйытқыған қалың дүрмекті д е ң г е й л е п шаба жөнелді (Т.Әлімқұлов, Кертолғау). Кеңсеге аман келген деп, Алыстан «Әйел теңдігі», Күтеді күнін д е ң г е й л е п, О да бір досы ендігі (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).