Жо

lat: Jo

модаль сөз. Жоқ деген сөздің қысқарған түрі. 1. Сөйлеушінің пікірімен келіспегенін білдіргенде қолданылады. Ж о, Николай Иванович, эксперттер де осыны дәлелдейді, деп Әмір екінші бір қағазды қатарлай қойды (С.Сарғасқаев, Сынған тіс.). Ж о, көкем соғысқа кеткенде, біз апам екеуміз нағашымның қолына көшіп келген болатынбыз (М.Дүзенов, Ақәже). Ж о, өлтірген менмін. Машинаны бұрғанда байқамай басып кеттім (Б.Қожабеков, Көктөбе). 2. Я, әлде болмаса деген мағынада қолданылады. Ақтан үйге әлі оралмады, кеңседе ме, гаражда ма, ж о жапандағы жалғыз арықтың басында ма, оның жүретін жерлерінің есебінен Бәтіш үйде отырып-ақ жаңылады (Б.Нұржекеев, Күй толғақ).