Деңгейлі

lat: Deńgeıli

с ы н е с і м. Деңгейі бар, дәрежелі. Үш д е ң г е й л і оқу кешені, яғни ол кең профильді лицей, индустриалды колледж және индустриялық-педагогикалық академияны құрайды («Егемен Қазақстан»), Қазіргі уақытта құрылып отырған кредиттеудің үш д е ң г е й л і жүйесі елдің түрлі аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді («Егемен Қазақстан»),