Дермене

lat: Dermene

з а т е с і м. ө с. Биіктігі 20-30 см шамасында, күрделі гүлділер тұқымдасына жататын шала бұта. Шіліктен ерте-ақ шығып еді, Темірланға кеш жетті. Д е р м е н е иісі аңқыған кең даланың ұштығына шыға алмай ұзақ жүрді. (С.Бақбергенов, Он үш.). Дермене -жабайы өсетін өсімдік, жусанның бір түрі. Д е р м е н е д е н адамның шек құрты ауруын емдеуге қажетті сантонин дейтін дәрі жасалады. Мұны орысша цит - полынь дейді (С.Сұбханбердин, Өсімдік - дәрі.). Бұл кісі д е р м е н е н і ң дәнін диірменге тартып, оған бал араластырып, дәрі жасап ауруға күніне үш мезгіл соны жалатады (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).