Дерт

lat: Dert

з а т е с і м. 1. Ауру, індет, кесел. Әлжан ентігін басып, әңгімесін жалғады. - Қорықпа, жеңеше, үйреншікті д е р т қой деді (Ә.Сараев, Тосқауыл). Оған, міне, он жылдан асып барады. Әбдіразақ келгені көзі ашылды. Тұншықтырғыш д е р т т е н мүлдем жазып жібермесе де «кенет өліп қалады екенмін» деген қауіптен құтқарды (І.Есенберлин, Алмас.). Батса да д е р т і жанға қанша қинап, Сыр бермей жатты бала күшін жинап. Қайыспас тұқымына біткен қайрат, Шынықты д е р т п е н қатар іште ширап (А.Байтұрсынов, Шығ.). Мамандардың айтуына қарағанда, елдегі жалпы эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жаман емес. Атап айтқанда, жұқпалы арулардың 20 түрі бойынша д е р т к е ұшырау төмендеген екен («Егемен Қазақстан»). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қайғы, қасірет, уайым. Іштегі жанған д е р т і ң е. Көргеннен соң жыларсың, Нәпсің қоймай еркіне (Қозы Көрпеш.). Әкеден айырылу қандай ауыр д е р т! (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Сол мұңды он қыз баланың жүрегіне д е р т жамап, жанын егілтті (А.Нұрманов, Аққу.). Ғашықтың д е р т і - жазылмайтын д е р т. Сол д е р т к е мен мықтап шалдықтым. Өмірім өз қолыңда тұр (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кесір, қырсық. Сендер байқадыңдар ма, білмеймін, менің бір аңғарғаным бар, Сырдақ сияқтылар үшін әкімшілік д е р т екен (Т.Ахтанов, Дала сыры). Ру, аталастық алакөздігі осы елді шілдей тоздырып, көгертпей келген көне д е р т т і ң бірі ғой (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Мен халқымыз осы жаман д е р т т е нершілдік] арылса екен деп арман етемін. Ең жоқ дегенде болашақ ұрпаққа осы д е р т жұқпаса екен деймін (Ә.Нұршайықов, Махаббат.). «Мынау керек» деген істен құр қалмай, Нашар істен шама келсе шеттелік. Халыққа келсе мүбада бір таршылық Мұны әлбетте, басқа демей, д е р т делік (М.Дулатов, Шығ.). 4. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Өзіне тән қасиет, ерекшелік. «Жоқтаймын бұл көз емес, шын сөзімді Кім ұғып, кім ұқпайды бұл сөзімді. Бақытым жоқ, д е р т і м қатты бір сорлымын Саламын жанған отқа күнде өзімді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Әзімқан Момышұлынан тағы бір д е р т і м ауылға оң мықыныма тапанша тағып бару (Б.Момышұлы, Жауынгер). Ерке жанмын, өмірде өстім еркін, «Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім, о! Өз елімде өзендей гүрілдеймін, Тасып, шалқып өтемін осы д е р т і м (Қ.Аманжолов, Таңд. шығ.).