Десте

lat: Deste

з а т е с і м. 1. Орылған егіннің бір бумасы, бауы. Мұхиттағы кемелердей жүзіп бара жатқан комбайндардың соңынан ұзын-созық д е с т е л е р қатарлана тізіліп түсіп жатты (Б.Тоқтаров, Қыран.). Әйелдердің бір тобы қол орақпен егін орып жатса, енді бір тобы д е с т е л е р д і баулап, шанаға тиеп қырманға тасып жүр (А.Мекебаев, Бойжеткен). Егінге орақ түскелі бір жеті болса да, науқан қызып кете алмай тұр. Едәуір жердің егіні ағылтегіл боп д е с т е д е жиналмай жатыр (М.Хасенов, Берлинді.). 2. Буда, шоқ. Тіге берсең, жібекпен, Көркем өрмек кестесін, Көрсетерсің ауылға, Кесте өрнектің д е с т е с і н (С.Сейфуллин, Өлеңд.). Оламал] құр қол келгенше деп, неше түрлі әдемі гүлдерден құралған үлкен бір д е с т е гүл букет ала келген еді (С.Бақбергенов, Өз. жігіт.). Бәріміз де осы гүлден Теріп алдық бірір д е с т е, Жақсы көрген мұғалімге Гүл сыйлаған жөн емес пе! (Қ.Сатыбалдин, Бақытты.). 3. Бірдей етіп текшеленген зат қабаты, қатар. Ел мерейі қалай өспесін? Тауды тесіп, тастың бұзып д е с т е с і н. Халқымыздың қазынасын қопарып, Толықтырдың Менделеев кестесін (Қ.Тоғұзақов, Өлеңд.). Бұл күнде әлденеше д е с т е шығармамен бірталай поэмаға ұласып отырған туындылар шоғыры өзінше бір көркемдік әлем деуге болады (Р.Бердібаев, Гүлстан.). 4. и н ф о р м а т и к а л ы қ. Желі арқылы тасымалданатын мәліметтерді сипаттайтын жалпы аталым аз. тілі термин. Информатика.). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Жырдың (әннің), сөздің түйдегі. Ойлан, түсін Бұл бір сөздің кестесін, Өзіңе арнап төктім жырдың д е с т е с і н. Сенің үнің Құлағымда тұр әлі, Сенің бейнең ұмытылмас естесің (М.Хакімжанова, Өткелдер). Қиыстырып кестесін, Әннің салып д е с т е с і н. Тарихи жиын алдында бәйгені шауып алмадымамбыл, Шығ.). Бәрінен де балаларға, жастарға рахат болған екен, оқысын, адам болсын деп қуанышын ірке алмай, сөз д е с т е с і н бір лекітіп алды (С.Байжанов, Сұңқар.).