Дестелі

lat: Desteli

с ы н е с і м. 1. Қаттаулы, топ-топ, қабат-қабат. Базар алаңын қоршай салынған сөресі д е с т е л і товарға толы көшпелі көк дүкендер (Қ.Тоқмағамбетов, Әнші.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кестеге салынған, жоспарланған. Мотор даусы өшпейді әсте бүгін, Егіншіге елестеп д е с т е л і күн («Лен. жас»). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Шумақты. Өлең жолы д е с т е л і - Домбыраның ішегіндей, Зергер ойған кестелі, Шеккен шебер шегудей (Т.Жароков, Шығ. жин.).